Қауымдастық басшысы Игорь Копайловтың айтуынша, ұсынылып отырған тыйым салу шарасы бизнестің билік органдарына деген сеніміне нұқсан келтіреді және бұл шаралар елдегі іскерлік белсенділікке кері ықпалын тигізбек. «Бұл тыйым салу шараларын әзірлеп отырған Денсаулық сақтау министрлігінің логикасын түсіне алар емеспін. Қазір темекі тартуға арнап арнайы бөлінген орындар темекі тартпайтын азаматтардың құқықтарына қысым жасайды, деген желеумен ол орындарды жабуға әрекеттер жасалуда. Бірақ сол денсаулық сақтау министрлігі бірнеше жыл бұрын мұндай оқшауланған орындар темекі тартатын және темекі тартпайтындарды оқшаулап, темекі тартпайтындардың денсаулығына ешқандай әсер етпейтіндігімен келіскен болатын. Сол себепті кезінде бұл мәселенің шешімі денсаулық сақтау туралы қолданыстағы Кодексте бекітілген, соған орай санитарлық талаптар да әзірленген болатын.Бизнес соны негізге алып, оны рұқсат ретінде қабылдап, өз мейрамханаларында заң талаптарына сай санитарлық талаптарды сәйкестендірді. Енді денсаулық сақтау министрлігіндегілер бұл мәселені басқалай шешпек.
Бизнесі барлар инвестиция жұмсап, осы талапты орындау үшін банктен несие де алған. Бұл норма қабылданған жағдайда ол жұмсалған ақша шығынға жатқызылатын болады. Мемлекет бизнестің жан айқайын естімей отыр, деп мойындауымызға тура келеді», деді Игорь Копайлов.
Тыйым салу шарасы қабылданған күнде қазақстандық әуежайлар арқылы транзитпен саяхаттаушы жолаушылар да зардап шегеді. Осы орайда 2013 жылы осындай тыйым шарасы енгізілген ресейлік әуежайлардың мысалын келтірген орынды болар. Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (ВЦИОМ) әлеуметтік сауалнамасының мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылы «Шереметьево» әуежайы, сочилік және басқа да әуе буындары жолаушылары арасында сауалдарға жауап бергендердің 37% жолаушы әуежайларында темекі тартуға салынған тыйымды бұзғандарды кездестірген. ВЦИОМ-ның 2016 жыл бойынша деректеріне қарағанда, әуе жолаушыларының 33% қоғамдық орындарда темекі тартуға салынған тыйымды орындамаған.
Әуежайлар халықаралық қауымдастығының атқарушы директоры Сергей Никотиннің сөзіне қарағанда,әуежайдың таза аумақтарында темекі тартуға тыйым салу шарасы проблеманы шешпеген.
«Бұрындары темекіні арнайы орындарда шегетін.Енді дәретханаларға, бұрыштарға тығылып шегеді. Қауіптілік одан да көбейе түскендей. Баламалы жол бар жерде ғана тыйым салуға болады.Бізде баламалы жол ұсынбастан тыйым салынбақ. Олай болмайды. Мемлекеттік дума әуежайларға темекі тартуға арналған арнайы орындарды қайтаруға бағытталған заң жобасын ұсынып отыр», деді С. Никотин.
Рестораторлардың пікірінше, тыйым салудың орнына темекі тартуға арналған орындарға қойылатын талаптарды пысықтау қажет, яғни ол жерлерде тағам жеу мен сусын ішуге тыйым салу нормасын алып тастау шарт, себебі бұл талапты орындауға не құқық қорғау органдарының, не қоғамдық тамақтандыру мекемелері қызметкерлерінің шамасы келмейді.
Жаңа Кодекстің жобасы кальян бизнесінің де астыртын қызметін заңдастыруы шарт. Қазіргі уақытта онда мыңдаған адам жұмыс істеп, нандарын тауып отыр, бірақ оларды құқық қорғау органдары ұдайы тексереді, олар мәселені пара беру арқылы шешуге мәжбүр.
Жаңы маусым ашылатын кезде жазғы алаңшаларда және тамақтандыру мекемелерінің верандаларында темекі тарту жайын айқындау керек. Заңдардағы екі ұштылық жойылса, бизнестегілер не істеу керектігін анық білер еді,темекі тартуға арнап әдейі жабдықталған орындарды ыңғайластыруға ынталанар еді. Бұл орайда темекі тартатын және тарпайтын адамдар арасында компромисске қол жеткізіледі, олардың және мейрамхана қожайындарының мүдделері толықтай сақталып, олар айыппұл төлеуден жеңілдеп, сыбайластық тәуекелдіктен арылар еді.