Спорт • 25 Сәуір, 2019

Зәкір Сафиуллин Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады

977 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Азия чемпионатында тағы бір спортшымыз ақтық сынға жолдама алды деп жазады Olympic.kz.

Зәкір Сафиуллин Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады

60 келіде жұдырықтасатын Зәкір Сафиуллин жартылай финалда үндістандық Шива Тхападан басым түсті. Осылайша, Қазақстан құрамасының екі боксшысы финалға өтті.

Күндізгі бөлімде 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет жеңіске жеткен болатын. 

Сондай-ақ, қазақстандық боксшылар құрлық бәсекесінің бес қоласын жеңіп алды. Василий Левит, Теміртас Жүсіпов, Санатәлі Толтаев, Фариза Шолтай және Дариға Шәкімовалар Азия үздіктерінің қатарында.