Саясат • 25 Сәуір, 2019

Амангелді Сатыбалдыұлы президенттікке үміткерлікке құжаттарын тапсырды

1383 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде құжаттарын тапсырды.

Амангелді Сатыбалдыұлы президенттікке үміткерлікке құжаттарын тапсырды

Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзіндіні, Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiшті, өмірбаяндық деректерін, Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат пен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері және мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттарды ұсынды. Ал Қазақстан Республикасының Презиеденттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 26 сәуірге тағайындалды.

Сол сияқты кеше, яғни 2019 жылғы 25 сәуірде Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Ақ жол Қазақстан демократиялық партиясының» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Дания Мәдиқызы Еспаеваның мынадай құжаттар ұсынды: «Ақ жол Қазақстан демократиялық партиясының» қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді; Дания Мәдиқызы Еспаеваның Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші; өмірбаяндық деректері;  Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері және мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар. Ал мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 26 сәуірге тағайындалды.