«Фестиваль Нұр-Сұлтан – Павлодар тасжолының 20-шы шақырымында сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін өтетін болады. Сондай-ақ, «Жастар» сарайы мен «Встреча» сауда үйі маңынан 11:00-ден 13:00-ге дейін тегін автобустар жүреді. Автобустар сағат 16:00-ден 18:00 аралығында қалаға кері қайтады. Келем деушілерге есік ашық», – делінген Байқоңыр ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Келушілер үшін 30 киіз үй орнатылады. Сондай-ақ, олар қолөнершілер көрмесін, ат спорты іс-шараларын, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен 30 балуанның басын қосатын қазақ күресінен «Байқоңыр барысы» турнирін тамашалай алады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін тегін тамақ беру ұйымдастырылады.
Туындаған мәселелер бойынша
елорда тұрғындары мен қонақтары 8-775-477-83-67; 8-702-231-00-17 нөмірлері
бойынша хабарласа алады.