Енді азаматтар керекті ақпаратты «QR-code» жүйесі арқылы тез әрі оңай тауып, соттардың мекен-жайларын, мемлекеттік баждың деректемелерін біле алады.
Сонымен қатар, осы жүйе арқылы «Сот кабинетіне» телефон арқылы кіріп, соттардың сенім телефондарын, ашық есік күндер кестелерін және т.б. анықтауға мүмкіндік бар. Бұл үшін пайдаланушы «Play market» немесе басқа бағдарламалар арқылы «Сканер QR штрих кодов» қызметін көшіріп алуы керек.
Бұдан кейін соттың ғимаратында орналастырылған керекті штрих-код смартфонның камерасы арқылы сканерленеді. Осыдан соң экранда пайда болған сілтеме бойынша қажетті ақпарат жазылған сот парағына ауысуға болады.