Мақалада өткеніміз бен бүгініміз, қолда бар байлығымыз, әдебиетіміз бен мәдениетіміз тұтастай қамтылған. Маңызды мақаланы негізге ала отырып біздер Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы мамандығының 1 курс студенттері тарих ғылымдарының докторы Фатима Қозыбақованың жетекшілігімен өткен «Қазақ кино өнері: кеше және бүгін» атты ғылыми конференциясында біраз жайға қанық болып, өрелі ой түйдік.
Іс-шарадан «Кинематография» саласын кеңінен танып, қиялға қанат бітіретін қазақи туындылардың мән-мағынасын тереңнен түсіне білдік. Әрі кешегі баһадүр бабаларды еске алып, тұлғасына тәу етіп, жадымызды жаңғырттық.
Түйіндей айтсам – «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланың бағыттарына бой түзеп, мақсаттарымызды айқындап, өткенімізді ұмытпайық дегім келеді.
Аружан ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 1 курс студенті