Спорт • 01 Мамыр, 2019

Қытай он алты медаль «сыйлады»

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрес түрлерінен Қытайдың Сиянь қаласында өткен Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқ­талды.

Қытай он алты медаль «сыйлады»

Бұлай дейтініміз, Әсет Серікбаев шәкірт­тері құрлықтық додада 5 медаль жеңіп алды. Нұрқожа Қай­панов (70 кило) пен Данияр Қайсанов (74 кило) топ жарса, Саят­бек Оқасов (65 кило) финалдық жекпе-жекте сүрінді. Ал Ғалымжан Өсербаев (79 кило) пен Ерғали Әлішер (97 кило) қола жүлде­герлер қатарында.

Әйелдер құрамасына бұйырғаны – төрт қола медаль. Алдымен Валентина Ис­ла­мова мен Марина Седнева үздік үштікке іліксе, келесі күні Айна Те­міртасова (65 кило) мен Жәмила Бақ­бергенова (65 кило) қола медальға қол жеткізді.

Біріншілікті қорытындылаған грек-рим күресінің өкілдері алтынсыз қалды. 67 килоға дейінгі салмақта финалға шыққан Мейіржан Шермаханбет кореялық Рю Хан Суға 1:5 есебімен жол берді. Ал Қорлан Жақанша (55 кило), Демеу Жадыраев (72 кило), Тамерлан Шадукаев (77 кило), Мақ­сат Ережепов (82 кило), Азамат Құс­тұбаев (87 кило), Дамир Күзембаев (130 кило) қоланы қанағат тұтты.


Алмас МАНАП,
«Egemen Qazaqstan»