Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы Шымкентте 8 жобаны жүзеге асырады

534 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Шымкентте «Жаңғыру жол» республикалық қозғалысы қалалық штабының кеңейтілген мәжілісі өтті.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы Шымкентте 8 жобаны жүзеге асырады

Іс-шараға қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева және қаладағы 29 колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасаралары, «Достық» клубтары мен этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының жетекшілері қатысты. 

Мәжілістегі алғысөзінде қалалық ҚХА төрағасының орынбасары М. Қалмұратов кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында айтылған маңызды мәселелерге тоқталды. Сессияда Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаев айтқан бастамаларды іске асыруға жастарды белсене қатысуға шақырды. 

«Елбасы ассамблеяның қоғамдық сананы жаңғырту процестерінің белсенді қатысушысы екенін айтты. Білімге жүгіну, жаңа идеяларға жол ашу, ұлттық кодты сақтау және Қазақстанның эволюциялық дамуы – жалпыұлттық тарихи сана мен біртекті құндылықтарды қалыптастырудың негіздері екенін алға тартып, мұны пайымды парасаттылықпен іске асыру Ассамблеяның тікелей жауапкершілігіне жататынын жеткізді. Осы бағытта ассамблеяның ең белсенді мүшелері саналатын жастардың алдында алдында да жаңа ауқымды міндеттер тұр»,  деді М. Қалмұратов. 

Шымкенттегі білім ұяларында жүзге жуық түрлі этнос жастарының білім алып жатқанын айтқан қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Текебаева олардың өзара достығын нығайту бағытында «Достық клубтары» мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысын жандандыру қажеттігін айтты. Бұл бағытта ҚХА мен білім басқармасы арасында бірлескен жұмыс жоспары түзіліп, «ҮOUTH FORUM», «Жастар шақырады», «Берекелі шаңырақ», «Дружба без границ», «Мақсатқа жет», «Мейірімді жастар»,«Елтану», «Aibyn» сынды сегіз жоба жүзеге асырылмақ.

 

 

 Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше