Өз сөзінде аудан әкімі: «Қазақстан халқының бірлігі мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауларының бірінде қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де бірліктің қажет екендігін ерекше атап көрсетіп келеді. Бірлік, татулық, ынтымақ, достық – бұл тәуелсіз еліміздің басты құндылықтары. Бағындырған белестеріміз бен жеткен жетістіктеріміз ұлтаралық ауызбірлік пен шынайы түсіністіктің, ең бастысы Қазақстанға ғана тән салиқалы саясаттың жемісі», деді.
Мерекелік шара барысында татулықты ту еткен әр этнос өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, 40 домбырашы әсерлі күйден шашу шашса, жастар жылына орай аудан жастары арнайы флешмоб ұйымдастырды. «Ұлы даланың жеті қыры» композициясы көпшілік көңілінен шықса, хор ұжымының орындауындағы ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Шалқыған Шәуілдір» әнін мерекеге жиналған жұртшылық қосыла шырқады. Аудандандағы мекеме қызметкерлері іс-шараны шерумен жалғастырса, түрлі ұлттар мен ұлыстардың ұлттық киімдерін киген мектеп оқушылары өз өнерлерін паш етті.