Қазақстан • 02 Мамыр, 2019

Бүгін еліміздің барлық аумағында ауа сапасы жақсарады

956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 мамыр күні Қазақстанның барлық аумағында ауа сапасы жақсы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Бүгін еліміздің барлық аумағында ауа сапасы жақсарады

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында  ауа сапасына кері әсер ететін метеожағдайлар болмайды. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар