Экономика • 02 Мамыр, 2019

Қазақ әні Сеулде шырқалды

905 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Корея астанасында Орталық Азия елдерінің мәдениет фестивалі мәресіне жетті. Шараны «Корея-Орталық Азия» форумының хатшылығы және елшілігіміз ұйымдастырды.

Қазақ әні Сеулде шырқалды

Қазақ халық әуендерімен сеулдіктерді «Ұлы дала» тобы таныстырды. 

Екі күн бойы Чонгечон бұлағындағы алаңда  келушілерге қазақтың  ұлттық тағамдары мен кәдесыйлар тартылды. Қонақтар қазақстандық дизайнер Кәмилә Сүлейменованың сән коллекциясын тамашалады. Барлық киімдерді ол өз қолымен киізден тіккен. Ал қазақ халық әуендерімен сеулдіктерді «Ұлы дала» тобы таныстырды. Самат Әбуталипов, Алмат Сайжан және Жәнібек Сапаров ән айтып, шаңқобыз, қобыз, домбыра секілді халық аспаптарында ойнады. 

Ал еліміздің эстрада әндерін қобызбен Әйгерім Әшімова орындады.  «Бүгін қазақ музыкасын тындап ол корей әуендерге ұқсайтын түсіндім. Қазақтар да бізге өте ұқсайды. Мен Қазақстанда екі рет болдым, бүгін қазақ тағамдарынан дәм татып, тағы бір рет еліңізге саяхат жасауға ой келді», дейді Сеул қаласының тұрғыны Пак Джу Ха.

Соңғы жаңалықтар