Аймақтар • 02 Мамыр, 2019

О.Оразалин еңбек ардагерлерімен кездесті

997 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбелік еңбек ардагерлерін, туған жерге еңбек сіңірген бірқатар азаматтарды мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

О.Оразалин еңбек ардагерлерімен кездесті

Аймақ басшысы ең алдымен Қарғалы, Ойыл, Мұғалжар аудандарында бірінші хатшылық қызметтерін атқарған, Ақтөбе  облысына  белгілі азамат Сапар Сағынтаевтың  шаңырағында болды. Сонымен қатар, Байғанин, Шалқар аудандарында 20 жылға жуық бірінші хатшылық лауазымын атқарған, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сматолла Беркімбаевтың отбасына барды. Ақсақалды мерейлі мерекемен құттықтап, сұхбат құрды.

«Сіздердей Ақтөбенің құрметті азаматтарымен кездесіп,  өздеріңізбен сұхбаттасу мен үшін үлкен мәртебе. Туған жердің дамуына қосқан үлестеріңіз шаш етектен. Қасиетті өлкеміздің гүлденуіне қосқан көмектеріңізді жас ұрпақ ұмытпақ емес. Отбасыларыңызға амандық, береке, бірлік тілеймін», деді облыс әкімі.

90 жасқа таяп қалған қариялар облыс басшысының  арнайы уақыт бөліп келгені үшін алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Келелі кездесу барысында Сапар Сағынтаев пен Сматолла  Беркімбаев өткен өмір жолдарынан естелік  әңгімелер айтып,  елге  тыныштық пен  ауызбіршілік тіледі.