Аймақтар • 02 Мамыр, 2019

Түркістан: елді мекендерді газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

1113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда Шардара ауданында №18 газ тарату станциясы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған жобаға облыстық бюджеттен 2 млрд 912 млн 634 мың теңге қаралған.

Түркістан: елді мекендерді газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жоба жүзеге асырылғанда Шардара қаласы мен 11 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізетін болады.

Жалпы ауданда 2023 жылға қарай газ мәселесін 100 пайыз шешу көзделіп отыр. Әзірге 3 елді мекен табиғи газбен толық қамтылған. Аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркебұлан Каратуновтың айтуынша, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. "Өткен жылы Достық, Сүткент, Қызылқұм, Ақалтын, Егізқұм ауылдарына газ құбырын тарту жұмыстарын бастадық. Мұндағы құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқталатын болады. Қазір салынып жатқан станция да биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде", дейді бөлім басшысы.