Аймақтар • 02 Мамыр, 2019

Мәжіліс депутаттары Орал қаласының студенттерімен кездесті

904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының мүшелері Құдайберген Ержан, Михаил Чирков, Кеңес Абсатиров және Геннадий Шиповских жұмыс сапармен Батыс Қазақстан облысына барды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс депутаттары Орал қаласының студенттерімен кездесті

Елімізде биылғы жыл - Жастар жылы болып жариялануына байланысты, халық қалаулылары жастарға қатысты мәселелерге ерекше назар аударуда. Осы орайда, олар Орал қаласындағы жоғары агротехникалық колледжіне барды. Кездесу барысында депутаттар 3D ақпараттық дизайн кабинетінің жұмысымен танысты.

- Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаев жастарды қолдау мақсатында жұмыс орындарын ашуға тапсырма және жас мамандарды баспанамен қамтамасыз етуге тапсырма берді. Ең бастысы еңбектену керек. Бүгінде тірлік жасаймын, өсемін, өнемін деген адамға барлық мүмкіндік қарастырылған. Алдына мақсат қойған, әрі сол жолда тынбай еңбектенетін адам жетістікке жетеді деп ойлаймын, - деді Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.      

Әңгіме барысында білім беру саласындағы студенттер мен мұғалімдерге қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, бүгінгі күні қоғамда талқыланып жатқан «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заң жобасы назардан тыс қалмады.