12 Наурыз, 2013

Сүт өндіретін зауыт емес, мал өсіретін шаруашылықтар тексерілуі тиіс

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сүт өндіретін зауыт емес, мал өсіретін шаруашылықтар тексерілуі тиіс

Сейсенбі, 12 наурыз 2013 11:56

Сүт сапалы болуы үшін мал өсіретін шаруашылықтар жұмысына қатаң бақылау орнатуымыз қажет, деп жазады Kapital.kz «Қазақстан сүт одағы» директоры орынбасарының міндетін атқарушы Лидия Михееваның келтірген дерегіне сүйеніп Л. Михееваның айтуынша, Қырғызстанда өндірілген сүттің сапасына байланысты, ондағы сүт зауыттары тексеруден өткізілген.

Сейсенбі, 12 наурыз 2013 11:56

Сүт сапалы болуы үшін мал өсіретін шаруашылықтар жұмысына қатаң бақылау орнатуымыз қажет, деп жазады Kapital.kz «Қазақстан сүт одағы» директоры орынбасарының міндетін атқарушы Лидия Михееваның келтірген дерегіне сүйеніп Л. Михееваның айтуынша, Қырғызстанда өндірілген сүттің сапасына байланысты, ондағы сүт зауыттары тексеруден өткізілген. Ал негізінде мал өсіретін шаруашылықтардағы төрт түлік толық тексеруден өтуі тиіс екен. Себебі, ауру малдан тараған сүт өнімі адам ағзасына залалын тигізеді. Сондай-ақ, ол шикі сүт пен оны әзірлеудің технологиясында біраз өзгешеліктің бар екенін атап өтті.Осы кезге дейін айтылып жүрген құрғақ сүтті пайдаланбау мәселесі әлі толық шешілген жоқ. Тағы бір назар аударарлық жәйт, сүт өнімін өткізу барысында реттілік жоқ. Сондықтан да, сүт өніміне қатысты кикілжің арагідік бой көтеріп қалады. Қыс айына қарағанда, жаз мезгілінде сүт 3-3,5 есе артық өндіріледі. Жекелеген шаруашылықтарда сүт сақтайтын мұздатқыш болмағандықтан, оны дер мезгілінде өткізу ісінде қиындық туындап жатады. Мәселен, бейресми дерек көзінде Қазақстанда жылына 5 млн. тоннаға жуық сүт өндірілетіні айтылған. Соның 30 пайызы ғана сүт зауыттарына жеткізіледі екен. Ал 20 пайызын шаруалардың өздері кәдеге жарататын көрінеді. Қалғаны еш өңдеуден өтпей, көше бойында сатылуда. Ащы шындықтың астарын зерделейтін құзырлы орын бейресми ақпараттың шынайылығына тиісті бағасын береді деп ойлаймыз.

Әмірхан Алмағанбетов.