Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

«Ақылды фермалар» өнімділікті арттыруға септеседі

1211 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Әр өңірде табиғат ерекшеліктеріне орай ауыл шаруашы­лығында ерекше басымдық беретін салалар бар. Арқа өңірінің Ақмола, Қостанай облыстары егіншілікке бейім болса, Қарағанды, Жезқазған жағы төрт түлік мал өсіруге қолайлы.

«Ақылды фермалар»  өнімділікті арттыруға септеседі

Қазақстанның оңтүстігі екі бас­­тан мақта, бау-бақша, көкөніс­ке көбірек көңіл бөледі. Ал атақты Сырдарияның пұшпағын еміп отырған Қызылорда облысы – ақ күріштің мекені. Шиелі ауданында «Дала күні» дәстүрлі семинар-кеңесі өтті. Шаруалар «Ақмая» инновациялық шаруа қожалығының жұмысымен танысып, агросекторды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Жиын барысында облыс басшысы Қырымбек Көшербаев «Аkmaya Smart Farm» ақылды фермасы» жобасымен танысты.

Күріш алқабына алғашқы дән себу рәсімі өтіп, «Ақмая» шаруа қожалығының егіс алқа­бында ауыл шаруашылығы сала­сын цифрландыру, агродрон­дарды егіншілікте пайдалану, ауыл шаруашылығының жаңа техникалары мен технология­ларын өндіріске енгізу, әртараптандыру бағытында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында жаңа сұрып­тар­ды пайдалану мен ауыл шаруа­шылығы дақылдарын суландыруда су үнемдеу технологияларын қолдану мәселелері қаралды.

– Биылғы дән себу рәсімін өткізуде Шиелі ауданындағы Ақмая ауылын бекер таңдаған жоқ­пыз. Себебі күріш өсіру та­ри­­­хында ауыл 16 Еңбек Ерін шы­ғар­ған қасиетті мекен. Биыл да кү­ріш тұқымын сауық­­тыру, әр­тарап­тандыру бағы­­тында май­­лы, малазықтық, кар­­топ, бақ­­ша дақылдарының өнім­­ді­лігін жо­ғарылату және суар­­ма­лы жер­лерді қалпына кел­­тіру ба­ғы­тында бірқатар жо­ба­­ларды қар­жыландыруды қолға ал­дық. Агро­өнеркәсіптік ке­шен­­ді дамыт­у­дың мемлекеттік бағ­дар­ламасы бо­йынша елімізде аграр­лық салада маңызды жобалар іске асырылуда. Осы орайда, Сыр өңірінде де ауыз тол­тырып айтатын жұмыстар жү­зеге асырылуда. Бір ғана мысал, мемлекеттік қолдауларды ұтым­ды пайдаланған диқандар соңғы жылдары ақ күрішті молайтуда табысты еңбек етіп, жыл сайын ел қамбасына жарты миллион тонна астық құйып келеді. Со­нымен бірге өткен жылы орын ал­ған су тапшылығын болдырмау үшін артық егілетін күрішке суар­ма­лы су жеткізіп беруді әкім­дік мой­нына алмайтынын шаруа­шы­лық басшыларына тағы да ескерт­кім келеді, – деді аймақ басшысы.

Облысқа 2019 жылға бекі­тіл­ген ауыл шаруашылығы да­қыл­дарын орналастыру сыз­басына сәйкес тұрақты суару­ға 4,2 млрд текше метр су қажет. Биыл диқандар судан тап­шылық көрмейтін сыңай­лы. Өйткені Шардара су қойма­сын­да 5,1 млрд текше метр, Көк­сарай су реттегішінде 2,1 млрд текшеметр су жиналды. Сондай-ақ облыс әкімі су үнемдейтін суару технологияларын белсенді енгізуді және басқа елді-мекендерде «ақылды фермаларды» құру тәжірибесін қабылдауды тапсырды.

«Ақмая» шаруа қожалығы FMIS – «ақылды ферма» зият­кер­лік геоақпараттық форманы қолданатын қанатқақты шаруа­шылық саналады. Ол жедел навигацияны, өріс дерек­терін толық талдауды және өндірістік процестер мониторингін қамтиды. Болашақта жер бедерінің карталарын, егістіктердің әртүрлілі­гін, аурулардың, арамшөптер­дің және зиянкестердің тара­луын, топырақ карталарын және шаруашылық қызметін цифр­ландыру саласындағы басқа да іс-шараларды қамтитын кеңіс­тіктік деректерді цифрлау бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйым­дастыру жоспарлануда.

Биыл облыста 178,6 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылы, оның ішінде 93,5 мың гектар дән­ді дақыл, 7,2 мың гектар май­лы дақыл, 60,7 мың гектар азықтық дақыл, 17,2 мың гек­тар картоп, көкөніс, бақша дақыл-дары егіледі. Сонымен қатар 83 мың гектардан астам күріш егу жоспарланған.

Ағымдағы жылы облыста мал азығының мол қорын жинау мақсатында ылғал сақтайтын жаңа технологияларды пайдалана отырып, құнарлы жер­лер­де мал азықтық дақылдар өсі­ру жобасы іске асырылуда. «Бесарық» шаруашылық база­­сы­нда аквасорбенттерді қол­­да­ну арқылы 3 га бидай және 2 га мақсары егілді. Жоба Ы.Жа­қаев атындағы «Қазақ күріш шаруа­шылығы ғылыми зерттеу инс­титутының» ЖШС ға­лым­дарымен бірлесіп жүзеге асы­рылуда. Алдағы уақытта олар­­дың тәжірибесі облыстың бас­­қа шаруашылықтарына да тара­­тылады. Биыл көктемгі егіс жұ­мыс­тарын жүргізу үшін қажет­ті тех­ника, тыңайтқыштар мен жа­нар-жағармай қоры дайын­далған.

Суармалы және жайылымдық жерлер жыл сайын азайып келеді. Адамдардың немқұрайдылығы салдарынан кешегі сулы жази­раның шөп шықпас айтақырға айналып жатқаны да бар. Оның бір мысалы, бір кездері «балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» Арал теңізі. Бүгінде сол қателіктерден сабақ алып, табиғатты жаңғырту соңғы технологиялар жетістігі арқылы жасалып жатыр.

Шиелі ауданындағы көшпелі жиында талқыланған мәселелер қолда бар мүмкіндіктерді соңғы технология көмегімен аз шығын жұмсап, көп пайдаға шығуды көздейді.

Бүгінде Қытай жекелеген азық түрлерін қолдан жасап, әлем­ді таңғалдырып отыр. Ал оның адам ағзасын қалай улайтыны белгілі. Сондықтан таза таби­ғи өнім өндіріп отырған Қазақ­­стан тауарларына қай кезде де сұраныс жоғары.


Қызылорда облысы