Қазақстан • 03 Мамыр, 2019

ЖЭК секторы жетіліп келеді

896 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде «Жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану туралы» заңның қабылданғанына биыл 10 жыл толды.

ЖЭК секторы жетіліп келеді

Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылды? Алда қандай жұмыстар жоспарланған? Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте Энергетика министрлігінің басшылығы осы туралы баяндады.

Бүгінде Қазақстанның барлық электр стансаларының жалпы қуаты 21 ГВт-ға тең. «Қазақстандық күн энер­гетикасы қауымдастығы» ЗТБ дирек­тор­лар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қа­пе­нов осылай деді. Оның айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бо­йын­ша әлем­дік күн энергетикасының бел­гі­лен­ген қуаты 500 ГВт-дан асты. 2018 жыл­­­дың ішінде 100 ГВт-дан астам қуат өн­­д­і­ретін фотоэлектрлік стансалар са­лынды.

Н.Қапеновтің айтуынша, ға­лам­шарда электр қуатын өндіру үшін күн энергиясын пайдаланатын 90 ел бар. 32 елде 1 ГВт-дан астам қуат өндіретін стансалар орнатылған. Күннен энергия өндіретін нысандардың қуатын 300-ден 500 ГВт-ға көбейтуге 2 жыл уа­қыт кетіпті. Салыстыру үшін айтар бол­сақ, АЭС-тердің қуаты шамамен 400 ГВт-ны құрайды. Беделді әлемдік са­рап­шылар 2019 жылы әлемде 129 ГВт фотоэлектрлік күн электр станса­лары салынады деген болжам жасап отыр.

Былтыр елімізде өндірілген «жасыл» энергияның көлемі 1,35 млрд кВт-ға жетіп, электр энергиясының жалпы көлеміндегі үлес салмағы 1,27 %-ды құраған болатын. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш қарқынды түрде өсуі тиіс.