Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

102 жастағы соғыс ардагеріне ерекше құрмет көрсетілді

1012 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдық майдангер Джура Кобелев 102 жасқа толды.

102 жастағы соғыс ардагеріне ерекше құрмет көрсетілді

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін туған күнімен құттықтауға  солтүстікқазақстандық полиция өкілдері арнайы келіп, зор құрмет көрсетті.

Джура Кобелев 1917 жылы  Өзбекстанда көпбалалы шаруа отбасында дүниеге келген. Қызыл әскер қатарына  шақырылып, Сталинград маңындағы қанды ұрыстарға қатысқан. Кескілескен шайқастардың бірінде ауыр жарақат алып, Қазақстанда емделген.  Соғыстан кейін майдангер саналы ғұмырын ішкі істер органдарына қызмет етуге бағыттап, зейнетке дейін түрлі лауазымдарда абыроймен еңбек етті.     

Майдангерге полиция департаменті бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаев, қалалық полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғазы Жұмағұлов жылы лебіздерін арнап, сый-сияпаттарын ұсынды.

Қадірменді ақсақал облыс жұртшылығын алда келе жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтап, елімізге тыныштық, бірлік тіледі.