Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

Екібастұзда кремний зауытының құрылысы тоқтатылды

1450 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жобаны жүзеге асыруға инвестиция жоқ, зауыт салушы инвестор байланысын үзген, деп мәлімдеді қала әкімі Нұржан Әшімбетов.

Екібастұзда кремний зауытының құрылысы тоқтатылды

Алдымен зауыт салынады дегенге қаланың атмосферасын ластану деңгейін жақсы білетін екібастұздықтар алаңдай бастады.

Қала ғана емес, қалаға қарасты  Екібастұздың мал-жаны бар 33 ауылының тұрғындары  және бар.

Сондықтан, жобаның  қоршаған ортаға әсерін бағалауды экологтар мен осы саланың сарапшылары әзірледі.

Тұрғындардың пікірлері ескеріліп, жобаның қоршаған ортаға  экологиялық әсері жөнінде түсінік берілді. Қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Ал, зауыттың  инвесторы қалалық әкімдіктің мәліметінше,  «Ansa Silikon» ЖШС ресми тіркелген отандық кәсіпорын.  Зауыттың құрылысына инвестордың меншікті қаражаты мен банкіден алатын қарыз ақшасына салу жоспарланыпты.   

Жоба бойынша Өскемен, Қарағандылық мамандар жұмыс жасаса, отандық фирмалар зауыт құрылысын  жүргізеді.

2016 жылы зауыт басшылығы таратқан ақпаратта кәсіпорын іске қосылған кезде 800 адам жұмыспен қамтылады.

Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңі 2017 жылы қосылады. Кәсіпорын жылына 35 мың техникалық кремний өндіреді. Жылдық қуатын 135 мың тоннаға дейін ұлғайтпақ. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 20 млрд долларды құрайды- делінді.

Зауытқа қажетті құрал-жабдықтар Қытайдан тасымалданады.  Зауыт іске қосылған күнде де қытайлық мамандар техникалармен жұмыс істеудің қыр-сырын жергілікті мамандарға оқытады, үйретеді.  Одан соң елдеріне қайтады.

Қазір зауыт құрылысы тоқтатылды.

Бұл жайында қала әкімі Нұржан Әшімбетов мәлімдеуінше, жобаны жүзеге асыруға инвестиция  жоқ, зауыт салушы инвестор байланысын үзген.

Қазір қалалық әкімдік зауыт салуға берілген жерді қайтару жұмыстарымен айналысуда.

 Облыстық әкімдік те инвесторларға қолдау көрсетіп, оларды тезірек жобаны жүзеге асыруды бастап, берілген жер учаскесін игеруге шақырды.

Зауыт алаңы қаладан 16 шақырым жерде Астана–Павлодар магистральдық темір жол мен автожолына жақын маңайда орналасады.

Келісім бойынша компанияға  ГРЭС-1, ГРЭС-2 стансалары арасынан 124 гектар телімдері  берілген.

Бұдан бөлек, 40 гектар жер тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын құруға бөлінеді.

Кремний зауытын салу үшін Екібастұздың электр стансасы арқылы жақын жерден қуатты арзанға  сатып алады.

Екіншіден, шикізат келетін Қарағанды, Ресей жақын, мұнай коксы – Павлодардан жеткізілсе, жұмыс күші-Екібастұздан.

Зауыт қалдықсыз өндіріс, өнім, негізінен, экспортқа шығарылады.  Өндіріс іске қосылса, жергілікті бюджетке жыл сайын 500 миллион теңге көлемінде салық түседі. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында кәсіпорын төңірегінде 50 гектар аумаққа жасыл желек отырғызылады. Жобада жасалғандай, жоғары технологиялық заманауи тозаң тұтқыш құралдар орнатылады,- делінді.

Яғни, алынған техникалық кремний металлургиялық өнеркәсіптерде қолданылады.    Техникалық кремнийді өндірудегі негізгі шикізат-кварцит аталатын тау-кен тасы.

Ал, мамандардың айутынша, мұнай коксы–қатты жанғыш зат, қолға ұстағанда аздап майлы болып келетін, қара сұр күміс түстес құйма.

Бұл қоспаға ағаш жоңқаларының қажеттігі-техникалық кремний өндірісінде шығынды азайтуға мүмкіндік береді екен.

Кремнийді балқыту  үдерісі электр пештерінде жүзеге асырылады.  Техникалық кремний күңгірт сұр түсті болат тәрізді жылтыр зат.

Зауыт жобасы басталмай жатып-ақ,қалада онсыз да ауаға зиянды қалдықтар шығаратын өндірістердің ортасында қалғанын айтқан қоғам белсенділері наразылық білдірді.

Өткен жылы қоғам белсенділері, жұртшылықпен  кездескен «Ansa Silicon» ЖШС-нің директоры Серғазы Беркінбаев, жоба жетекшілері – Бауыржан Алтеев және Жақып Күлтайұлы  Қарағандыда да кремний зауыты да жұмыс істеп тұр. Өндірістен қалаға ешқандай қауіп-қатер жоқ. Инвестициялық әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға әзірміз, деген –ді.

Қазір қоғам ояу.  Әсіресе, қаланың көк түтін тұншықтырар экологиялық жағдайға қатты алаңдаулы.

- Қарағанды Екібастұзға жақын, екінші  кремний зауытын салудың не қажеті бар? Қаражаттарыңызды Екібастұзда бос жатқан қалдықтарды қайта өңдеуге жұмсаңыздар,десті экологтар мен қоғам белсенділері.

- Жоба міндетті түрде экологиялық сараптамадан өткізіледі. Бұл заңда қарастырылғандықтан, мемлекеттің бақылауында. Тұрғындардың келісімінсіз зауыт құрылысын басталмайды,-деген компания өкілдері.

Енді, міне, көпшіліктің, жергілікті экологтардың пікірлері жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізуде ескерілгенін уақыт та көрсеткендей.

Кремний зауытының жобасы қандай мақсатта тоқтатылғаны  әлі белгісіз. Мүмкін, жобаның әлі де нақты дұрыс жасалмағаны да, әлдеқалай басқа да  себептер болған шығар.

Ал, екібастұздықтар үшін  жаңа зауыттың ашылып-жабылып жұмыс істемегені емес, бастысы-экологиялық мәселе алаңдатты.

Тұрғындар онсыз да түтіні тұншықтырған қаптаған зауыт, стансалардың ортасында өмір сүруде.

Ал,  облыстық экология департаментінің мәліметінше, экологиялық заңнама талаптарын бұзған 116 кәсіпорын анықталып, 7 миллион 712 мың теңгеге 113 айыппұл салынған. Алпауыт кәсіпорындардан шығарылған қалдықтар 344,83 мың тоннаны құраған.

Бірақ, жуырда облыс әкімі Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда АҚШ, БАӘ, Пәкістандық инвесторлармен кездесті.

Әкімнің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, кездесуде  шетелдік инвесторлармен өңірде жүзеге асырылатын ауқымды жобалар барысы талқыланған.

Облыс әкімі кездесуге келген БАЭ-нің компаниясын алдағы уақытта қай жерде салынатыны әзірге белгісіз, кремний зауытының жобасын жүргізуге өңірге шақырып, инвесторға қолдау көрсететінін айтқан.