Аймақтар • 05 Мамыр, 2019

Түркістан: Тау бөктерінде демалыс орындары көбеюде

2636 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысы, Төлеби ауданында табиғаты әсем тау бөктерін тиімді пайланып, демалушыларды көптеп тарту мақсатында жалпы құны 400 млн теңге болатын «AISA», «Ақкен» және «Асем Тау» демалыс орындары іске қосылды.

Түркістан: Тау бөктерінде демалыс орындары көбеюде

Биыл, сондай-ақ Қасқасу ауыл округінен құны 500 млн теңгеге «SAIRAM SU resort» 100 орындық демалыс орны мен Қоғалы ауыл округінде құны 100 млн теңгеге саумал-сауықтыру кешені ашылатын болады. Ал Алатау ауыл округінде құны 150 млн теңгеге «Таңсұлу» демалыс аймағының құрылысы, Кемеқалған ауыл округінде құны 150 млн теңгеге «Алма-Тау» демалыс аймағынан қосымша құрылыс нысандарын салу жұмыстары жүреді.

Тұрғындар салынып жатқан асфальт зауытының аудан аумағындағы жолдарды жөндеуге септігін тигізетінінен үмітті.  Тәулігіне 100 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығаратын жалпы құны 120 млн теңгелік «Бірлік» ЖШС зауытының құрылысы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Шағын кәсіпорында жаңа 20 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, құны 120 млн теңгені құрайтын жылына 1000 тонна бройлер етін өндіретін «Шымкент құс» құс фермасы 2020 жылға қарай іске қосылатын болады. Ал бүгінде жұмысы қарқын алған «Газпромнефть-Битум Казахстан» ЖШС-і өткен жылы 230 мың тонна битум шығарып, оның 148 мың тоннасын Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне жіберген. «Астық сауда» және «Аққұм астық» ЖШС-і 36,3 мың тонна ұн өнімдерін Өзбекстан мен Ауғанстан елдеріне, «Бағдаулет-1» ЖШС-і бастапқы 10 тонна мақсары майын Қытай еліне экспорттаған.

Айта кетелік, аудандағы 8 211 кәсіпкерлік субъектілерінің 92,4 пайызы белсенді жұмыс істеуде. Кәсіпкерлік саласындағылар саны 16 072 адамға жетіп, қосымша 675 адам жұмыспен қамтылған. Биыл кәсіпкерлік саласында 40,5 млрд теңгенің өнімін өндіріп, жұмыс істейтіндер санын 16 475 адамға жеткізу көзделуде.