Қазақстан • 05 Мамыр, 2019

Қазақстан мен Моңғолия тамақ қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті

1348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың мамыр айында ветеринарлық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті бірлескен шараларды талқылау мақсатында қазақстандық ветеринариялық қызмет өкілдерінің Моңғолияға сапары жоспарлануда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Моңғолия тамақ қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті

Қазақстандық мамандардың сапары аясында жануарлардың аса қауіпті және трансшекаралық аурулары бойынша Моңғолиядағы эпизоотиялық жағдайға мониторинг жүргізу, ветеринариялық зертханалардың желісімен танысу, жылқы ауруларын диагностикалау бойынша ынтымақтастықты талқылау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта қазақстандық ветеринариялық қызмет аусыл, шошқаның африкалық обасы, шошқаның классикалық обасы, шошқаның респираторлық репродуктивті синдромының өршуін тіркеуге байланысты қажетті термиялық өңдеуден өтпеген тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін Моңғолиядан Қазақстанға әкелуге тыйым салынғанын естеріңізге саламыз.