Қазақстан • 05 Мамыр, 2019

Үндістандағы дауылдан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - СІМ

1149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістандағы циклоннан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Үндістандағы дауылдан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - СІМ

«Қазір дауыл Үндістан жағалауынан ығысты. Соңғы деректер бойынша зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматы жоқ. Жойқын апаттан 15 адам зардап шеккен. Біздің елдің азаматтары Үндістандағы елшілікке жүгінбеген», делінген ведомство мәліметінде. 

Еске сала кетейік, Үндістанның жағалаудағы елді мекендерінен «Фани» циклоны төнуіне байланысты  жүздеген мың адам эвакуацияланған болатын.  Соңғы деректер бойынша, қауіпсіз жерге көшірілгендер саны бір миллионнан асқан.