- Маңғыстауда 33 мешіт бар, 4 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Оның екеуі Маңғыстау ауданында Оңды және Жармыш ауылында, екеуі Мұнайлы ауданына қарасты Дәулет және Қызылтөбе ауылында. Ал, салынып жатқан жаңа шағын аудандарға қатысты мешіт қажеттігіне байланысты ұсыныстар болуда. Бұл жөнінде қалалық әкімдікке жер мәселесіне байланысты ұсыныс түсірдік, деді облыстың Бас имамы С.Сейтбеков.
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамының айтуынша, мешітке келуші жамағаттың ішінде қайырымдылық шаралары жиі атқарылып тұрады және мұқтаж отбасыларға үй салынып берілген.
- Мешіттердің атқарып жатқан жұмыстарының бірі - ол қайырымдылық шарасы. Мешіт – Құдайға мәнажат жасалынатын жер. Дегенмен, сол мешітке келуші және өзге де қол ұшын беруші азаматтардың көмегімен апта сайын қайырымдық шаралары өткізіледі. Қайырымдылық шарасының бағыттары да әр түрлі болуда. Қаражат, азық-түлік немесе басқа да түрлері бар. Биыл екі отбасыға үй салынып берілді, ал қазір тағы да екі отбасыға үй салынуда, деді Бас имам.