Аймақтар • 06 Мамыр, 2019

Шымкентте Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

1350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

200-ден астам ардагер жиналған мерекелік дастарханда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов майдангерлерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен және Ұлы жеңістің 74 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

– Бір-бірімен қатар келетін қастерлі мерекелер қарсаңында сіздердің қайсарлықтарыңыз бен ерліктеріңізге құрмет көрсете отырып, алғыс айтамыз! Келер ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің ерлігін бағалау – біздің парызымыз. Біз – ардагерлерімізді ардақтап, қарттарымызды қадірлейтін халықпыз. Ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерліктерінен кем түспеуі тиіс, - деді қала әкімі.

Көпшілік келер ұрпаққа бейбіт өмірді тарту еткен, ерен ерлігі әрқашан үлгі қаһарман сарбаздарды еске салды. Мерекелік жиын барысында Шымкент қалалық басқарма басшылары мен мәслихат депутаттары 54 майдангерге теледидар сыйласа, «Shymkent» ӘКК қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын аудармақ.

Мерекелік кеште сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Ырысбай қаладағы 54 ҰОС ардагеріне 252 мың теңгеден, ал 4276 тыл ардагерге 12 мың теңге көлемінде сыйақы берілетінін мәлімдеді. Салтанатты жиында сұрапыл қантөгісте ерлік көрсеткен азаматтар майдандағы естеліктерімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025