Аймақтар • 06 Мамыр, 2019

Әлеуметтік келеңсіздік көп

1103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әлеуметтік келеңсіздік көп

Облыс әкімдігі отырысында өңірдің санитарлық-эпи­де­миологиялық және меди­ци­налық қызмет көрсету жайы тал­қыланып, қоғам­дық ден­саулық сақтау депар­таментінің бас­шысы Серік­бай Қасмақасов бір­қатар ке­леңсіздіктердің бетін ашты.

Ол келтірген деректерге қа­рағанда, былтыр дәрігерге қарал­ған әр мың баланың 36,6 пайызы көз ауруына шалдықса, 13,8 пайызында жүйке-психи­калық дерті кездескен. Ал 12,9 пайы­зының омыртқа жотасының қисай­ғаны, 8,2 пайызында ас­қа­зан-ішек жолы аурулары бай­қалған. 

Баяндамашының айтуынша, кей мектептерде кәріз жүйесі, су мәселелері толық шешіл­меген. Оқушылардың жасы мен бо­йын­а сәйкес келетін жиһаз­бен толық қамтылмаған.

Өңірдегі 480 мектептің жартысы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. 209 білім ордасына ауыз су тасып жеткізіледі. 84 мектепте дәретхана далада ор­­­наласқан. Спорт залдары М.Жұ­мабаев ауданының 6 мекте­бінде, Тайынша ауданы­ның 8 мек­тебінде жоқ. Спорт құ­ралдары көптен бері жаңалан­баған. 

Департамент басшысы адам таңғаларлық фактілерді де мы­салға келтірді. Атап айтқанда, са­нитарлық-гигиеналық таза­лықтың төмендігінен және қоғам­дық моншалардың жетім­­сіздігінен педикулез ауруының өршіп бара жат­қаны алаңдатады. Ал туберку­лезді жұқтырғандардың саны 4,5 пайызға кемігеніне қарамас­тан, өңір республика бойынша алдыңғы орында тұр. Медици­налық қызмет сапасының тө­мендігіне байланысты жолданатын арыз-шағымдар әлі көп.
Оқушыларды ыстық тамақ­пен қамтамасыз ету­де де түйт­кілдер көп.
 
Солтүстік Қазақстан облысы