Аймақтар • 06 Мамыр, 2019

Мегаполистегі қызғалдақ мерекесі

1105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте үшінші мегаполистің туристік логотипіне айналған қызғалдақтарды на­сихаттайтын «Қыз­ғалдақ жолы» ха­лық­аралық фес­тивалі өтті.

Мегаполистегі қызғалдақ мерекесі
Қалалықтардың сүйікті демалыс аймағы – Арбатқа флористер дайындаған шоқгүлдер қойылып, фотокөрме, балғын­дардың қылқа­ламынан туын­даған суреттер гале­реясы ұй­ым­­дастырылды. Сон­дай-ақ шаһардың Ұлы Жібек жо­лы бойындағы ежелгі қала екен­дігін туристерге насихаттау үшін Ар­бат жолымен саудагерлер мен қол­өнер­шілердің ежелгі керуені жүріп өтті.

Айтулы мәдени шараға қала әкімі Ғабидолла Әбді­рахымов қатысып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. «Қыз­ғалдақ фес­­тивалі қаламызда халық­аралық деңгейде тұң­ғыш рет ұйымдастырылып отыр. Қыз­ғалдақтың мекені – еліміздің Оңтүстігі еке­нін мақтаныш етеміз. Сон­дықтан осынау әсем гүлді брен­­­дімізге айналдырып, әлем қыз­ғалдақ арқылы Шым­­қа­ланы танып-білсе деген мақсатпен фестивальді ұйым­дастырдық», деді ша­һар басшысы.

Фестиваль аясында Ар­батта тұрғызылған Ше­бер­лер қаласында өрендер еңбе­гімен ел алқауын алған өрт сөндіруші, полиция, дәрігер­лер секілді мамандық иеле­рі­мен жүздесіп, аталған кә­сіп­терінің қыр-сырына қа­нықты. 

Шымкентті гүлге ора­ған фестиваль кешке дейін жал­ғасып, флористер шеберлік сабақ өткізді. Мерекелік ду­манның соңы эстрада жұл­­дыз­дарының концерттік бағ­дарламасына ұласты.

Шымкент