Спорт • 06 Мамыр, 2019

Елордада велоспорттан чемпионат басталды

819 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Веломаусымның салтанатты ашылуы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы қалалық чемпионат аясында өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада велоспорттан чемпионат басталды

Чемпионаттың ашылуына қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов, ҚХА қалалық филиалы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов қатысты. 

Жарыс жасыл белдеудің жол-тропикалық желісінен басталды. Шара Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан келген 140 қатысушының басын қосты. 

Бүгін жарыстың жеңімпаздары белгілі болып, түрлі жүлделер және грамоталармен марапатталады. Сайысты ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Қазақстан велосипед спорты федерациясы, «Астана орманы» ЖШС, №6 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы. 

Толық ақпаратты @madeniet_sport.nursultan және @nursultan_akimat_official порталдарынан алуға болады.