Айтулы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық жұп қатысты. Жерлестеріміз Дуо Фристайл тобында өнер көрсетіп, аса тартысты өткен сайыста топ жарды.
«Былтыр Алматы қаласында ұйымдастырылған халықаралық байқауда күміс медаль иеленген болатынбыз. Бұл жолы бағымыз жанып, жарыстың ең биік тұғырына көтерілдік. Күнделікті табанды жаттығудың арқасында қарсыластарымыздан оқ бойы озып шықтық», дейді «Арман» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушісі Сандуғаш Молдағалиева.
«Доминанта» спорттық бал биі студиясының жетекшісі Владислав Оленчуктың айтуынша, байқауға дейін 1,5 ай бойы тынымсыз жаттығу жүргізіліп, маңдай тер ақталған. Облыс намысын қорғаған жұп мүмкіндіктерінің шектеулігіне қарамаста қажырлы еңбектерінің арқасында талай биік белестерді бағындырып келеді.
Енді маусым айында Атырау қаласында өтетін дүбірлі додаға қатысады.
Солтүстік Қазақстан облысы