Аймақтар • 06 Мамыр, 2019

Осы аптада өтетін мәдени мерекелік және спорттық іс-шаралар

1171 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты 6-12 мамыр аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады.

Осы аптада өтетін мәдени мерекелік және спорттық іс-шаралар

Тәуелсіздік сарайы 

6 мамырда сағат 10:00-18:00-де – «Ұлттық өнім 2019» көрмесі. 

«Жастар» сарайы 

6-12 мамырда сағат 10:00-20:00-де – Бал көрмесі 

7-12 мамырда сағат 10:00-20:00-де – «Германиядан әкелінген тауарлар» көрме-жәрмеңкесі 

9, 10 мамырда сағат 10:00-де – Балалар арасындағы «Роботтар лигасы» филиаларалық турнирі.

«Астана-Арена» стадионы 

12 мамырда сағат 15:00-де – Премер-Лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Чемпионаты. «Шахтер» ФК - «Жетісу» ФК.   

Қуыршақ театры 

9-12 мамырда сағат 12:00, 14:00, 16:00-де – З. Сагаловтың «Сарбаздың бақырашы» ертегісі. 

«Астана Опера» МОБТ 

7 мамырда сағат 18:00-де – А. Хачатурянның «Спартак» 3 бөлімді балеті 

10 мамырда сағат 18:00-де – М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» 2 бөлімді операсы 

12 мамырда сағат 18:00-де – «Astana Piano Passion» V халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауы.

«Астана» концерт залы

6 мамырда сағат 10:00-20:00-де – «Жаз сыйлығы» көрме-жәрменкесі 

8 мамырда сағат 17:00-де – Жеңіс күніне арналған «Отан деп соққан жүрегі» концерті. 

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 

7 мамырда сағат 19:00-де – М. Әуезовтың «Қараш-Қараш» әлеуметтік драмасы 

8 мамырда сағат 19:00-де – Р. Кунидің «Туған күн» комедиясы 

9 мамырда сағат 19:00-де – В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы 

10 мамырда сағат 19:00-де – Г. Низамидің «Ләйлі – Мәжнүн» дастаны 

12 мамырда сағат 19:00-де Ж. Шевренің «Ізгілік формуласы» комедиясы. 

Қалалық алаң 7 мамырда сағат 17:00-23:00-де – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт. 

Қалалық орталық зират 

8 мамырда сағат 10:00-де – 1941-1945 жж. қанды майданда жарақат алып, қаза тапқан жауынгерлер зиратына Даңқ гүл тізбегі мен гүл шоқтарын қою рәсімі.

«Жастар» театры 

8 мамырда сағат 19:00-де – О. Бөкейдің «Ұйқым келмейді» музыкалық моноспектаклі 

9 мамырда сағат 19:00-де – С.Жүнісовтің «Тырау - тырау тырналар» драмасы 

10 мамырда сағат 19:00-де – С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» театрландырылған концерттік бағдарламасы. 

12 мамырда сағат 19:00-де – Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясы. 

Бейбітшілік және келісім сарайы 

8 мамырда сағат 18:00-де – «Біз соғыстан алыстатамыз ...» музыкалық және поэзиялық композициясы 

10 мамырда сағат 18:00-де – Л. Толстойдың «Анна Каренина» драмасы 

11 мамырда сағат 18:00-де – А. Де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» аллегориялық ертегі-повесті 

12 мамырда сағат 12:00-де Н. Гернеттің «Аладдиннің сиқырлы шамы» ертегісі 

12 мамырда сағат 18:00-де – А. Цикарелидің «Ханума» музыкалық комедиясы. 

Есіл өзенінің жағалауы 

9 мамырда сағат 23:00-де – Мерекелік отшашу.      

Астаналық цирк 

7-12 мамырда сағат 16:00-де – Шымкент мемлекеттік циркінің бағдарламасы. 

«Студенттер» саябағы 

9 мамырда сағат 10:00-де – Мерекелік концерт пен халық серуені.