Аймақтар • 08 Мамыр, 2019

Ақтөбенің Мәртөк ауданына жаңа әкім тағайындалды

1317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде Мәртөк ауданына Ермек Кенжеханұлы әкім болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбенің Мәртөк ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мәртөк ауданына барып, облыс активімен кездесті. Ауданға жаңа әкім таныстырылды.

«Ермек Кенжеханұлы жоғарғы білімді. Ол «Болашақ» бағдарламасымен Рединг университетін (Ұлыбритания) ауыл шаруашылығындағы бизнесті басқару мамандығы бойынша, «Аджу»(Корея) университетін әкімшілік іскерлік мамандығы бойынша тәмамдады. Сонымен қатар инвестициялық басқару мамандығының магистрі және заңгер бакалавры. Әр жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ның кредиттік өнімдерді дамыту бөлімінің менеджері, «ARKA Investment Management Company» АҚ басқарма басшысы, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармаларының бастығы, Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы болды.