Қоғам • 09 Мамыр, 2019

Оқушылар жемқорлығы жоқ әлемді бейнеледі

993 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде қала мектептері оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлығы жоқ әлем!» атты балалар суретінің көрмесі өтті.

Оқушылар жемқорлығы жоқ әлемді бейнеледі

– Сыбайлас жемқорлық – күрделі әлеуметтік құбылыс және қазіргі қоғам өміріндегі ең өзекті тақырыптардың бірі, – деді Невзоровтар отбасы атын­­дағы бейнелеу өнері музейінің бөлім жетекшісі Лаура Шинжина, ол қо­ғамның тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Адамзат дамуына қауіп төн­діреді. Мемлекеттік органдарға деген сенімнің төмендеуіне ықпал етеді және экономикалық қатынас пен адам­гершілікті бұзады. Біздің балаларымыз да нақты түсінуі біз үшін аса қажет. 

Көрмеге қаланың 25 мектебі, ли­цейі ұстаздарының жетекшілігімен орындалған 83 жұмыс қойылды. Шы­ғармашылық тәсілі мен тақырыпты ашқаны үшін дипломдармен және сыйлықтармен марапатталғандарды атап өтсек, олардың қатарында №32 мектептен Әйгерім Кемелбаева, №16 мектептен Әлия Түкібаева, №19 мектептен Данил Рябко, №44 мектептен Анастасия Колонич, №21 мектептен Ақерке Жақсылық, №28 мектептен Анна Гарипова, №11 мектептен Екатерина Тарановалар бар. Олар мұ­ғалімдерімен, сынып жетекшілерімен бірге арнайы сыйлықтармен марапатталды. 


Раушан НҰҒМАНБЕК,

«Еgemen Qazaqstan»