Аймақтар • 09 Мамыр, 2019

ҚХА жаңаөзендік жалғыз ардагерді құттықтады

1481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жеңіс үшін рахмет!» деген ұранмен Маңғыстау облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Жаңаөзен қаласы бойынша өкілі Ерлан Қалиев мен №1 Жаңаөзен қалалық емханасы және Жаңаөзен қалалық салауатты өмір салтын насихаттау орталығы басшылығымен, сондай-ақ дәрігерлермен бірге Жаңаөзен қаласындағы жалғыз ҰОС ардагері Еңсегенов Кеңесбайдың үйіне барып, көңілін сұрап, жеңіс күнімен құттықтады.

ҚХА жаңаөзендік жалғыз ардагерді құттықтады

 - Бүгін біз Ұлы Отан соғысы ардагері Еңсегенов Кеңесбай атамызға гүл шоқтарын алып, арнайы жеңіс күніне деп «Жеңіс үшін рахмет!» деп аталатын кәдесыйымызды табыстадық. Бұл кісілерге сый-сияпаттан бұрын ықылас пен жылы ниет, аман-саулық сұрасқанның өзі бір ғанибет, - деді Ерлан Қалиев.
         Бейбіт өмір жолында күрескен ардагерлердің саны жыл өткен сайын азайып барады. Жаңаөзендік ҚХА өкілі ардагердің қал-жағдайымен тек мерекеде ғана емес, былай күндері де барып біліп, әңгіме-дүкен құруды әдетке айналдырған. Ал, бүгінгі кездесу ерекше болды. Дәрігерлер ардагердің қан қысымын өлшеп, оған дәрілер мен дәрумендерді сыйға тартты. Сонымен қатар, ҰОС ардагеріне гүл мен азық-түлік пакеті тапсырылды. Берлинге дейін барып, бірнеше орденге кеудесі толған Кеңесбай Еңсегенов жастарға өзінің аталық ақ батасын берді.

Маңғыстау облысы