Т. Рахымбеков қоғамдық ұйымның концепциясымен және оның мақсаты, орындауы тиіс міндеттемелерімен танысты. «Аманат» өкілдері кездесу барысында өзге де кандидаттар - С.Түгел, А.Таспихов және Ә.Қосановпен ұйымдастырылатын кездесулер барысы жайында да айтты. Қазір азаматтық платформа өкілдері аймақтар бойынша белсенді түрде кездесулер ұйымдастырып жатыр.
«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бекетаев Нұр-сұлтан қаласы мен өзге де аймақтарда штаб-пәтерлерінің толық жасақталып біткенін айтты. Электральді компанияның мұндағы негізгі мақсаты – сайлаудың әділ өтуі, әрі партияның 7700 сенімді өкілі бақылаушы ретінде жүргенін жеткізді. 2019 жылдың 11-мамырында партияның жұмысы баталады. Ал 18:00-де үгіт-насихат шарасына ресми рұқсат берілуі тиіс.
Кандидат Т.Рахымбеков дебаттың өткізілуі сайлаудың әділ өтуінің бір нышаны екенін атады. Сондықтан оның командасы өзге қарсыластарымен түрлі теледебаттар өткізуге дайын екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, «Аманат» платформасында түрлі ашық дискуссиялар өткізетінін де қолдамақ.
Т.Рахымбеков сайлаушылардың оған дауыс беріп, сенім білдерітінінен күмән келтірмейтінін айтты. «Әрине, сайлауға қатысу - әркімнің өз таңдауы. Бірақ азаматтар ел тағдырына немқұрайлы қарамайтын болса, онда мемлекет пен оның болашағы үшін сайлауға бәрі де келуі тиіс», - деді кандидат өз сөзінде.
Кездесу соңында «Аманат» азаматтық платформасы кандидат Т.Рахымбековке «Бақылаушы блонкотын» табыс етті және тығыс байланыс жасауға уағдаласты.