Аймақтар • 13 Мамыр, 2019

Жетісай ауданында мақта 45 мың гектарға егіледі

1316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ерте көктемде 1022 гектар алқаптан 35816 тоннаға жуық қырыққабат өнім алған Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары 78 мың гектар егістік жерге егін екті. Оның 45 мың гектары мақта дақылы.

Жетісай ауданында мақта 45 мың гектарға егіледі

Шаруалар ауыл шаруашылығы жерлерін әртараптандыру мақсатында соңғы жылдары мақта егістігінің көлемін едәуір азайтуда. Яғни, ерте көктемгі қырыққабат, баклажан, балғар бұрышы секілді дақылдарды өсіруге бейімделуде. Бұл өз кезегінде сәуір айының ортасында алғашқы өнім алып, пайда табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бір жерден екі рет өнім алуға өзіндік септігін тигізеді. Бүгінде 178 мыңнан астам халық тұратын ауданда мақта дақылынан бөлек, бақша, көкөніс, жеміс-жидек және ерте көктемгі дақылдар өсіріледі. 

Қазірдің өзінде жетісайлық шаруалар 15 мың гектарға жуық егістік алқапқа ақ алтын дәнін сеуіп үлгерді. Сондай-ақ ауданда 13 мың 813 гектарға жуық егістік жерге бақша дақылдары егілді.