Аймақтар • 13 Мамыр, 2019

Желі арқылы жалған хабар таратқандар ұсталды

868 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 мамыр мерекесінің қарсаңында WhatsApp желісі арқылы таралған хабарлама Талдықорған қаласы мен жақын маңдағы ауыл тұрғындарының жанын түршіктірген еді.

Желі арқылы жалған хабар таратқандар ұсталды

Онда қала маңындағы көпір астынан айуандықпен өлтірілген баланың мәйіті табылғандығы туралы айтылып, оқушыларды үйден жалғыз шығармауға үндеген жазба болған екен. Желі арқылы жылдам таралған хабарды тәртіп сақшылары жедел тексеріп, таралған хабарламаның жалған екенін анықтаған. Яғни, Талдықорған қаласы маңындағы жол бойындағы  көпірлерде ешқандай оқиға болмағын жайында тиісті ақпарат айтылды.

Қазір полицейлер WhatsApp желісі арқылы жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтап, себебі анықтауда. Күдікке ілінген 2 адам ұсталды. Олар жалған хабарламаны алғашқы болып таратқаны үшін айыпталуда. Күдіктінң бірі базарда сауда жасайтын әйел де, екінші такси жүргізуші екен. Тәртіп сақшыларының түсіндірме жұмысынан кейін жалған ақпарат таратудың жауапкершілігін түсінген олар түсінік жазып, жалған хабар таратқаны үшін тұрғындардан жария түрде кешірім сұрады.

- Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында облыстық криминалды полиция қызметкерлері елуденден астам адам арасында сауал салып, WhatsApp желісіндегі он шақты топ өкілдерінен сұрастырып, нәтижесінде, 33 жастағы ер азамат пен 52 жастағы әйел адамды күдікті ретінде ұстады. Күдіктілер полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екі күдікті де Талдықорған қаласының тұрғындары, бір-бірімен таныс емес. Тергеу кезінде екі күдікті де өз таныстары мен достары арасында таратқан ақпараттың жалған екенін мойындады,– деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.