Сайлау • 13 Мамыр, 2019

Түркістан облысында BIRGE жалпыұлттық акциясы өтуде

960 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әрбір ел тұрғынының ұсынысы маңызды және ол Nur Otan партиясының назарынан тыс қалмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабының төрағасы Ұ.Сәдібеков облыс орталығында өткен жиында мәлімдеді.

Түркістан облысында BIRGE жалпыұлттық акциясы өтуде

Елімізде бастау алған BIRGE жалпыұлттық акциясы аясында ел халқының ұсыныстары мен тілектері кандидаттың сенімді өкілдері арқылы жиналатын болады. «Бұл акция Қазақстанның одан әрі табысты дамуына, Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытының сабақтастығы аясында атқарылады», деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Акция аясында сенімді өкілдер сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін кандидаттың тиісті облыстағы, аудандағы, қаладағы қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы, мобильдік үгіт топтарының жұмыстары кезінде қабылдайды. Сондай-ақ «Есіктен есікке» акциясы аясында және сайлаушылармен кездесулерде партия белсенділері мен кандидаттың сенімді өкілдері арқылы арнайы парақшаларда жиналатын болады. Штаб төрағасының айтуынша, әрбір ұсыныс, тілек талданып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне Nur Otan партиясының атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды жүзеге асыру жолында ескерілетін болады. Акция 13 мамыр мен 7 маусым аралығында өткізілмек. 

Жиын соңында Ұласбек Сәдібекұлы Түркістан облысының тұрғындарын BIRGE жалпыұлттық акциясына белсенді түрде қатысуға шақырды. Ал белсенді жастар халық көп шоғырланған орындарда тұрғындардың ұсыныс-тілектерін жинады.

Соңғы жаңалықтар