Nur Otan партиясының XVIII съезінде көп балалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй-жай беру мәселесі көтеріліп, аймақ басшыларына тапсырма берілген болатын.

Баспананың 1 шаршы метрінің құны 70 мың теңгені құрайды. Күзгі қара суыққа ұрынбау үшін тұрғын үй құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Осы мақсатқа байланысты Болат Өтемұратов қоры тарапынан тұрғын үйлерді салу бойынша «Баламекен» жобасының жүзеге асырылуына 450 миллион теңге бөлінбек.
– Әкімдік өз тарапынан барлық инженерлік инфрақұрылымдар – электр, газ, су, телефон байланысы мен автожолдар құрылысын аяқтауға, сондай-ақ әрбір үйге 6 сотық жер телімін бөлуге кепілдік береді, – дейді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Қызылорда облысының көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға үй салып беру тәжірибесі Премьер-Министр Асқар Маминнің жұмыс кеңесінде кеңінен талқыланғанын айта кетейік. Республикада бес жыл ішінде 28 мың пәтер беру көзделуде. Нарық жағдайында көзсіз тәуекелге бару оңай емес. Мұндайда үй берудің ең тиімді тетіктері пайдаланылуы керек. Премьер-Министр А.Мамин әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға Қызылорда облысының оң тәжірибесін пайдалануды тапсырды.
Жақсыдан үйрену – табысқа жетудің кілті. Қалай болғанда да, Қазақстанда үйсіз-күйсіз жүрген отбасылар пәтермен қамтылуы керек. Қайырымды жандар көмектесіп жатқанымен, үйге қолы жеткен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар санаулы ғана. Енді осы мемлекеттік бағдарламалар тиімді жұмыс істесе, 30 мыңға жуық отбасының кеудесінде ертеңге деген сенім нығаяды. Ал бұл – үлкен қуаныш.
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұрпақ тәрбиесіндегі алтын қазық
Білім • Кеше
«Жасыл дәліздің» жақсылығы мол
Медицина • Кеше
Медицина • Кеше
Абайдың философиялық көзқарасы
Абай • Кеше
Арзан бензин көршілерге кетіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Учаскелік инспектор халықтың көңілінен шыға ма?
Қоғам • Кеше
Ұлт ұстазы және Батпақты мектебі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Таным • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Фильмге арқау болған жанкешті ерлік
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Таным • Кеше
Сұхбат • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұлттық тәрбие – асыл қазынамыз
Қоғам • Кеше
Грант алуға өтінім қабылдау басталды
Бизнес • Кеше
Өнер • Кеше
«Астана» сапына француз футболшысы қосылды
Футбол • Кеше
Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жабылды
Елорда • Кеше
Елордалық ҚХА өкілдері киелі орындарды аралады
Елорда • Кеше
Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ
Әлем • Кеше
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Кеше
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Кеше
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Кеше
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Кеше
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Кеше
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Кеше
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар