Аймақтар • 14 Мамыр, 2019

Қарағандыда биыл 100 аула абаттандырылады

907 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында аулаларды абаттандыру сапасы қатаң бақыланатын болады. Бұған қоса, осы саладағы жұмыс жоспары туралы тұрғындарға толыққанды ақпарат беріп тұру да қолға алынбақшы. Бұл турасында облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында айтылды.

Қарағандыда биыл 100  аула абаттандырылады

Осы жиында Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров облыс орталығындағы аулаларды абаттандыру бойынша үш жылға арналған  жұмыс жоспарымен таныстырды. Мысалы, биыл қалада 100 аула жөндеуден өткізіледі. Ал 2020 жылы 123 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Яғни, келесі жылдың аяғына таман Қарағанды қаласында барлық аула жөнге келтіріледі деп мәлімдеді қала басшысы.

Қазіргі таңда аталған жұмыстармен айналысатын мердігер компаниялар анықталған. Абаттандырудың бірінші кезеңінде ауланы асфальттау, жарықтандыру, жиек тастар, орындықтар және қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары жүргізіледі. Ал 2020 жылы іске асырылатын екінші кезең жоспары бойынша аулаларда салынатын балалар және спорт алаңдарының құрылысы жоспарланған.