Спорт • 14 Мамыр, 2019

Су добынан Қазақстан командасы Грузияда жаттығу жиынын бастады

989 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазғы спорт түрлерінің өкілдері Олимпиада қарсаңындағы маусымды жалғастыруда. Су добынан Қазақстан ерлер командасы Грузияның Тбилиси қаласында жаттығу жиынын өткізіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Су добынан Қазақстан командасы Грузияда жаттығу жиынын бастады

Шетелдегі жаттығу жиыны 9 мамыр күні басталды. Спортшылар Ресей чемпионатына дайындалуда. 16 мамыр күні Мәскеу облысына қарасты Руза қаласында су добынан ерлер арасындағы Ресей чемпионатының 15-ші тур ойындары өтеді. 

Қазақстан командасы Мәскеу облысының намысын қорғайтын «Штурм-2002» командасымен кездеспек. Жиын 15 мамыр күні аяқталады.