Сайлау • 14 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстанда Birge жалпыұлттық акциясы өтті

1068 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясынан ұсынылған кандидаттің аймақтық қоғамдық штабы және сенімді өкілдерінің ұйымдастыруымен оқушылар сарайында Birge акциясы өтті.

Солтүстік Қазақстанда Birge жалпыұлттық акциясы өтті

Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде республикалық саяси ұйымның СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Евгений Глотов сайлаушылар өз ұсыныстары мен тілектерін президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмелері, мобильдік үгіт-насихат топтары арқылы жеткізу мүмкіндіктері қарастырылғанын атап көрсетті.

«Бұл жалпыұлттық акция – Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы. Әр өтініш, әр пікір, әр тілек кандидатқа жетуі өте маңызды! Нақты жағдайларды, сайлаушыларды қандай мәселелер толғандыратынын білу арқылы алдағы  бағдарламалар түзіліп, басым бағыттарды айқындауға септігін тигізеді. Мен жұртшылықты немқұрайлы болмауға,  акцияға белсенді қатысуға шақырамын. Бір ғана сөз көп нәрсені өзгерте алады», деді  Е. Глотов.

Сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинау президенттікке кандидататтың сенім білдірген өкілдері  мен қоғамдық  белсенділер арқылы жүзеге асырылып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Jas Otan ЖҚ жергілікті филиалының төрағасы Абылайхан Қайроллаевтың пікірінше жастар әлеуметтік желілер арқылы ерекше белсенділік танытуда. Басты мақсат ел мүддесі жолында бірлесе іс-қимыл атқару болып табылады.