Аймақтар • 14 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстанда бал базасы құрылады

954 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі омарташылар қауымдастығына 300-ге жуық кәсіпкер мүше болғанымен, көбіне жеке-дара жұмыс істегендіктен, кейбір күрделі мәселелер шешімін таппай жатады.

Солтүстік Қазақстанда бал базасы құрылады

Тығырықтан шығу жолын  омарташылар қауымдастығы ұсынып отыр. Оның төрағасы Олег Гаврилов  бал базасы құрылса, ортақ мүдделер бір арнаға тоғысып, күш біріктірер едік деген уәжін алға тартады. Енді бал базасы орын теппек. Ол үшін  50 гектар алқапқа аралардың «сүйікті» өсімдіктерін егу жоспарланып отыр.  Оңтүстіктен  теріскейдің ауа райына төзімді асыл тұқымды аралар жеткізіліп, өндірістік шаруашылыққа арналған су жаңа ұяларға жайғастырылыпты. Мамандар алғаш рет мұндай ұяларды қолданысқа өткен жылы енгізіп, көңіл қуантарлық  нәтижелерге жеткеннен кейін биыл осы жүйеге толық көшпек.

«Бұрын біз Даданов ұяларымен жұмыс істеген болатынбыз.  Жанкешті мехнаты көп. Уақыт жағынан ұтылатынбыз. Әсіресе,  орындарды ауыстыру кезінде қатты қиналатынбыз. Қазіргі өндірістік ұялар өте қолайлы. Бір ұядан 100 келіге дейін  бар алу мүмкіндігі бар», дейді О. Гаврилов.

Бүгінде омарташылар алғашқы бал базасын ұйымдастыруға білек сыбана кірісіп кеткен. Алқаптар ұлғайтылып, түйежоңышқа, эспарцент, түймежапырақ секілді құнарлы көпжылдық өсімдіктер егіледі. Бұл іспен «Пасека Қызылжар» серіктестігі айналысады.

Солтүстік Қазақстан облысы