Дәстүрлі халықаралық турнир 17 мамыр күні басталып, 3 күнге созылады. Биыл 55-ші рет өткізілгелі отырған турнирге 5 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ордабасы ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев мәлімдеді. Дәстүрлі турнир 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль жеңіп алған, жауырыны жерге тимеген қазақ халқының тұңғыш кәсіпқой балуаны, орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлын ұрпақ жадында жаңғыртып отыруға бағытталған. «ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәңгілік ел болу мұраты бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана жүзеге асатынын үнемі айтып келеді. Тарихта есімі алтын әріптермен жазылған ұлы тұлғаларды дәріптеу – осы сабақтастықты жалғастыру болмақ. Қажымұқан Мұңайтпасов – барша қазақтың мақтанышы. Оның ерлігі, елдің атын әлемге танытуға сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Өмірінің соңғы күндерін Ордабасыда өткізіп, осы қасиетті мекенді мәңгілік тұрағы еткен балуанды бүгінде Ордабасыдан бөле жара сөз ете алмаймыз. Күш атасының асыл сүйегі жатқан ауданымыздан әлемдік, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген балуандар Ұлас Момынов, Нұрлан Асылов, Дәулет Байжігітов, Қуат Байқожаев, Елтай Сыдықов, Оңғар Үндемесов, Оңдыбай Үндемесов, Сейдахмет Қонақбаев сынды жігіттер Қажымұқанның ізімен жүрді», деді Ордабасы ауданының әкімі.
Бүгінде ауданда Қажымұқандай болсам деген мақсатпен спорттың осы түрімен айналысып жүрген жастар көп. Ал Жұманазар Ерсұлтанов, Әділжан Ыстыбаев, ағайынды Ғұмар, Ғұсман Қырғызбаевтар, Абзал Арыстанбек талай дүбірлі додада топ жарып, Ордабасы өңірінің мерейін тасытып жүр. Айта кетелік, Ордабасы жерінен ҚР еңбегі сіңген 6 жаттықтырушы, 3 спорт қайраткері, күрестен 100-ден аса спорт шебері, бірнеше халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем біріншіліктерінің, Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері шыққан.
Түркістан облысы
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар