Спорт • 14 Мамыр, 2019

Головкин жаңартылған рейтингте екінші орынды ешкімге бермеді

773 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ESPN телеарнасының сайты орта салмақтағы кәсіпқой боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Головкин жаңартылған рейтингте екінші орынды ешкімге бермеді

Бұл тізімде мексикалық Сауль «Канело» Альварес бұрынғыша топ бастап келеді. Қазақстандық Геннадий Головкин екінші сатыдағы орнын  ешкімге бере қойған жоқ. Ал үшінші орын тұғырына британиялық боксшы Билли Джо Сондерс көтерілді.

Төртіншіден оныншы орынға дейінгі аралықтағы боксшылар мынадай ретпен орналасты:

4. Джермалл Чарло (АҚШ);
5. Дэниэл Джейкобс (АҚШ);
6. Деметриус Эндрейд (АҚШ);
7. Сергей Деревянченко (Украина);
8. Роб Брант (АҚШ);
9. Матвей Коробов (Ресей);
10. Мацей Сулецки (Польша). 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше