Әлем • 15 Мамыр, 2019

Еуропаны елең еткізген...

957 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтө­бе облыстық филармо­ниясы жа­нындағы халық аспаптар оркестрі мен «Аққу» би ансамблінің жетістіктері өнерсүйер қауымға жақсы мәлім. Атап айтқанда, осы өнер ұжымы 2003 жылы құрылған. Орталықтың негізін қалаушы әрі алғашқы көркемдік жетекшісі – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мә­дениет қайраткері, профессор Қайырғали Қожанбаев. «Аққу» би ансамблі екінші мыңжылдықтың тоғысынан бері өнер сүйер қауымды би өнерінің тылсым сырымен сусын­датып келеді. Бұл ретте оның көркемдік жетекшісі Омар Мәмбетов пен бас балетмейстр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлнәр Мәмбетованың еңбектері елеулі.

Еуропаны елең еткізген...

Шығармашылық деңгейі жоғары, өздерінің кәсіби қа­лыбы мен машығын қа­лып­тастыра білген бұл ұжым­дар­дың биік өнеріне қол соғу­шылар аз емес. Олар тіпті Қазақ­станның Бельгиядағы ел­шісі Айгүл Құспанның арнайы шақыртуы бойынша Еуропа елдерінде концерт қойып қайт­ты. Сонымен бірге делегация құрамындағы ақтөбелік қол­өнер шеберлері кәрі құрлықтың жұртшы­лығына өз туындыларын ұсынды.

Брюссель мен Люксембург қала­ларында еуропалық көрер­мендерге наурыз мерекесі аясында әзірленген концерттік бағдарламалар үлкен табыс­пен өткізгенін айта кеткен жөн. Филармония әншілері Нұр­тас Омаров пен Гүлнәзире Сағын­ғалиева орындаған халық әндері мен жыр-термелерді еуропалықтар өте жылы қабыл­даған. Ал «Аққу» би ансам­блінің мың бұрала билеген ару­лары қара жорғаны сахнаға шығарған кезде де ризашылық пен сүйіспеншілік танытқандар көп болды. Сондай-ақ А.Жұ­­банов атындағы халық аспап­тар оркес­трі Моцарттың әлемге әйгілі шығар­маларын домбыра үнімен жеткізгенде концерт залы теңіздей толқыды, дейді өнер сапары жөнінде Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры Елубай Кенжалиев.

Талғамы биік, өнері жан-жақты дамыған шетел өкілдері еліміздің батыс өңірінен барған әншілердің, күй мен би шеберлерінің өне­ріне жоғары баға бергені атап айтуға тұрарлық. Әсіресе, ұлт­тық өнеріміздің қайталанбас коло­риті мен нақыштары тәнті ет­кені аңғарылады. Осындай ой түйінін ақтөбелік қолөнер шебер­лерінің қолынан шыққан әр түрлі бұйымдарға қатысты да айтуға болады. Еуропалықтардың хал­қымыздың ежелгі ұлттық кол­өнер туындыларына деген қызы­ғу­шылығы, этностильге деген құрметі ерекше екенін байқадық, деді бұдан әрі жоғарыда аталған өнер шаңырағының жетекшісі Е.Мұхамбетова. Бір сөзбен айт­қанда өз өнерлерімен елең еткізген ұйым­шыл ұжым бұл күндері өздерінің 75 жыл­дық биік белесін атап өтуге бір кісідей жұмылған.

 

АҚТӨБЕ