Аймақтар • 15 Мамыр, 2019

ҚК офицері «DALA RACE 2019» экстремалдық жарыстың жеңімпазы атанды

962 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында өткен 15 шақырымдық «DALA RACE 2019» жүгіру жарысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі жеңіске жетті.

ҚК офицері «DALA RACE 2019» экстремалдық жарыстың жеңімпазы атанды

Жарыстың қашықтығы ойлы-қырлы жерлермен 15 шақырымды құрады, оның бойында спортшылар тасты және топырақты жерлермен, былқылдақ құмдардан өтіп, тобелер мен жоталарды бағындырды.

Жарыс Атырау қаласының маңындағы «Мекен» базасында өтіп, оған 100-ден астам жүгірушілер қатысты, оның ішінде Атырау гарнизонының әскери қызметшілері де бар. Жарыс жеңімпаздары жалпы есепте анықталды. Оның нәтижесінде 41433 әскери бөлімінің офицері, аға лейтенант Сергей Садриев жеңімпаз атанды. Күрделі қашықтықты офицер 1 сағат 1 минутта бағындырып өтті.

Жалпы, аталмыш бәсекеге 18 жастан астан кез-келген азаматтар қатыса алды, алайда ұйымдастырушылардың ережесі бойынша қатысушылар бұрын сонды 10 шақырымнан астам арақашықтықты бағындырғаны туралы дәлелдемелерінің болу қажеттігі шарт болды.

-Жарыстың басты мақсаты ол салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жүгіруді насихаттау және жастар мен аймақ тұрғындарын бұқара спортпен айналысуға шақыру болды,  дейді ұйымдастырушылар.

Бұл жеңіс әскери қызметшінің алғашқы жетістігі емес. Соңғы бір жылдың ішінде, ол Атырау марафонының, «Atyrau Yellow Race», «Atyrau Ice Race» және Астана марафон 2019 жарыстарының жүлдегері атанған еді.