Руханият • 15 Мамыр, 2019

Алматыда «Түрік шеберлерінің мозайка өнері» атты көрмесі өтті

807 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның Мемлекеттік орталық музейінде «Түрік шеберлерінің мозайка өнері Секер Алтынер &MOSAIC ALMATY CROUP” атты бірегей көрмесі ашылды.Осы атаумен үш жыл уақыт Секер Алтынердің бастамасымен құрылған мамандардың танылған өнер ұжымы өзіндік әспетті таңбасымен өзіне тартып керім көркімен ерекшеленіп келеді.

Алматыда «Түрік шеберлерінің мозайка өнері» атты көрмесі өтті

 Аталмыш көрмеге қатысушылар қатарында Сехер Алтынер, Асылы Жанель, Нильгюн Гекташ, Пелин Толеда Сейхан, Елена Джан сынды өнер шеберлерін топтастырған. Шеберлер қандай-да бір өнер туындысын жарыққа шығару барысында түрлі материал, көлемді, лаиинатталған шыны,  тас, мәрмәр, қыш, политэр, түйме, кофе дәні, айна, бисер сияқты материалдарды пайдаланады. «Mosaic Almaty» тобының соңғы үш жылда атқарған жемісті еңбектерінің нетижесінде орындалған бірсыпыра шығармасы алғаш рет ұсынылған болатын. Танымал өнер жанры – түрк  мозайкасы біздің заманымызға дейінгі 300 ғасырлардан бастау алады.

Картиналар мен әр алуан сәндік бұйымдар ертеден-ақ мәнерлілігі, көз жауын алар көркемдігімен сарай, храм, шіркеулердің сән-салтанатын асқақтатты. Алтын ғасыр тұсында бұл өнер Рим, Византия империялары көлемінде кең танылып зәулім ғимараттардың еден, төбе, қабырғаларын безендіру үшін қолданылды. Мысалы, қызғалдақтармен безендірілген әйгілі қыш кесінділерінен құралған мозайка алғаш Түркияда пайда болды.Байырғы түрк тұрғындары сәндік бұйымдарында көбінесе көкөніс өрнегін қолданған.Барынша танымал және көне мозайка үлгілерін Газентепе, Хатай, (Түркия), Равенна (Италия),Бардо (Тунис), Парк Гуел (Испания) және Иерусалим (Израиль) елдерінен кездестіруге болады. Қазіргі  уақытта әлемнің көптеген елдерінде мозайка өнеріне деген қызығушылық артып келеді, сонымен қатар мозайкалы текше  және де басқа да өнер туындыларын жетілдіру үстінде.Ежелгі грек мифінің мақамы бойынша Мона Лизаның аналогы ретінде табиғи тастың өте майда түйірлерінен құралған, бүгінде Византия өнерінің үлгісі әрі Түркиядағы мозайка музейінің символы саналатын бүкіл әлемге әйгілі «Цыган қызы» туындысы мозайка мозайка өнерінің символына айналды.

Сехер Алтынердің туған жері Стамбул қаласы,мамандығы бойынша археолог әрі суретші. Сехер «Филипп Моррис» компаниясының қаржы бөлімінде бірнеше жыл қызмет атқарды. Бұдан кейін шығармашылықпен, тікелей мозайка өнерімен айналысып, Измир студиясында мозайка құрудың қыр-сырымен айналысты.Италияда мозайканың ежелгі византиялық техникалық  техникасын зерттеп,Раваннада көркем-өнер  саласы бойынша білім алды. Ол өз шығармаларында Ван Гог, Микеланджело, Климт, Вермеер және Ботичелли сынды танымал суретшілердің шығармаларына жүгінеді.

Бүгінгі күні Алматыда қызмет атқарып жүрген топ жетекшісі Сехер мен оның шәкірттері  (Түркиядан) шығармашылығын жетілдірумен қатар мозайка өнеріне қызығушыларды таңсық өнерге машықтандырады. Алтынзер әшекеймен айшықталған әспетті өнер.

Сізді өзінің ғажайып көркімен сыр айтуға шақырғандай дерсіз. Алтынзер өнер болып тосындау қалпымен таңырқайсыз.



Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»