Аймақтар • 16 Мамыр, 2019

Павлодардың таңдауы – Шыңғыс Асығатұлы

1102 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше елімізде биыл 4-ші рет өтіп отырған «Бала даусы» атты балалардың дәстүрлі ән байқауы біздің өңірде өтті. Балалар арасындағы бұл жобаға «Жандану әлемі» -Тұңғыш Президент қоры, Мәдениет және Спорт министрлігі қолдау көрсетуде.

Павлодардың таңдауы – Шыңғыс Асығатұлы

Яғни, жоба аясында биылғы 13-22 маусымы аралығында еліміздің барлық өңірлерінде 7 мен 13 жас аралығындағы балалар арасында іріктеу кезеңдері өтеді. Өнерпаздарды таңдайтын,  дайындайтын кәсіби өнер адамдары, танымал әншілер алдын ала бекітілген.Ән, өнер байқауына қатысу үшін  кастингке облыстың барлық ауыл, қалаларынан өнерлі балалар келді.

- Олардың барлығы да талантты, - дейді ән байқауының қазылар алқасы.  Бірақ, өнер байқауының шарты бойынша «Бала дауысы – 2019» байқауының кезекті финалисі болып өңірден бір әнші ғана таңдалуы керек.

Әнші Арман Қоңырдың айтуынша, бұл өнер байқауы еліміздің  барлық талантты балаларын жинайды.  Павлодардағы  байқауға  100-ге жуық бала қатысып өнер көрсетті. Бастысы балалар орындаған әндер-әр жүректен орын таба білуі тиіс.

- Әр өңірдің міндеті-дарынды баланы табу. Өйткені, өңірлерде талантты балалар  аз емес. Біздің жобаның мақсаты- осы  таланттардың  жарыққа шығару- ,дейді  продюсер, әділ қазылар мүшесі Фарида Ниязова.

Биыл өңірлердегі ән тыңдау  форматы өзгерді: енді залда ән орындаушылардың барлығы  да, ата-аналары да  бірге көре алады. Бұл талантты балалардың бірі-біріне деген жақын болуын, байқауға дайындық барысында бір-бірімен танысып, араласуына жақсы мүмкіндік береді.Ән жобасына қатысқан жүзге жуық баланың арасынан әділқазылардың таңдауы  6 сынып оқушысы  Шыңғыс Асығатұлына түсті.

Шыңғыс  облыс орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия – интернатында оқиды.

- Өзімнің авторлық әнім астанамыз – «Нұр-сұлтан». Сөзі мен әні Асығат Тұрғанбеков, әкемдікі. Екінші айтқан әнім – ол француз тілінде «Пардон Муа» аудармасы айтқанда «Кешір мені», Мирей Матьенің репертуарынан. Үшінші әнім – «Show Must Go On», Queen тобының репертуарынан,- дейді Шыңғыс.

- Павлодар өңірі жеңімпаз өрендерімен белгілі.  2016 жылы жергілікті дуэт  Гран-при алса,  2018 жылы 2-орынды Анастасия Михайлюк алды.  Сіздерде күн суық болғанымен, балалар дауысы жылылық  шашады. Екінші жыл алғашқы орындарды алуда,-дейді продюсер Фарида Ниязова.

Енді Шыңғыс Асығатұлы  25 мен 27 қазанда Алматыда өтетін финалда облыс атынан  өнер көрсетеді.


Павлодар облысы

Суретті түсірген  Ольга Бугаева