Саясат • 16 Мамыр, 2019

Нұр-Сұлтанда XII Астана экономикалық форумы басталды

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Форумға Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Нұр-Сұлтанда XII Астана экономикалық форумы басталды

«Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтіп жатқан форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысуда. Тіркелген делегаттардың жалпы саны 5 492 адамды құрайды. АЭФ-2019 шетелдік және қазақстандық БАҚ тарапынан да үлкен қызығушылық тудырды. 30 елден 710-нан астам БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Сонымен қатар форумның қонақтары арасында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян, Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе, Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты сынды танымал тұлғалар бар.