Жарысқа қаладағы 8 мектеп командалары құрамындағы 80-нен астам оқушы қатысып, үш кезеңнен тұратын сында өз өнерлерін ортаға салды. Балғын құтқарушылар өз командасын таныстыру, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және қабырға газетін шығару сынды сайыста шеберлік жарыстырды.
Сайыс қорытындысында қазылар алқасының шешімімен №8 орта мектептің командасы үздік деп танылды. Екінші жүлдені Абай атындағы орта мектептің оқушылары жеңіп алса, үшінші орынға №9 жалпы білім беру мекемесінің жас құтқарушылары ие болды.
«Балғын құтқарушылар» сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ғана емес, барлық қатысушыларына бағалы және тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Қарағанды облысы