Аймақтар • 16 Мамыр, 2019

Екінші қабаттан құлаған бүлдіршін әлі ес-түссіз жатыр

1352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы №19 мектеп-гимназиясында оқыс оқиға болды. Кеше мектеп жанындағы шағын орталықтың екінші қабатындағы ашық қалған терезеден 2 жастағы тәрбиеленуші құлап, ес-түссіз жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Екінші қабаттан құлаған бүлдіршін әлі ес-түссіз жатыр

 - 2 жастағы қыз бала біздің ауруханаға кеше, 15 мамыр күні сағат 12:30 «Жедел жәрдеммен» жеткізілді. Баланың жағдайы өте нашар болғандықтан бірден жансақтау бөліміне алынды. Бүлдіршіннің басына қатты зақым келген. Қазір дәрігердің бақылауымен арнайы тыныс алу аппаратында жатыр. Есін жиған жоқ, - деді сәбидің денсаулығы жайында хабар берген облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев.

Облыс полициясы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Алдын ала анықталғандай, бүлдіршіннің №19 мектеп-гимназиясы жанындағы шағын орталыққа келгеніне көп уақыт болмаған. Әрі баланың ата-анасы да осы білім беру мекемесінде ұстаздық етеді екен.

Алматы облысы